Киоск (дүңгіршек) түріндегі трансформаторлық қосалқы станцияларын түсіру бойынша нұсқаулық

Бетоннан жасалған киоск (дүңгіршек) түріндегі трансформаторлық  қосалқы станцияларын көтеру - түсіру нұсқаулығы

  • Төмен түсіру ушін қолданылатын көтергіш кранның жүк көтергіштігі бетоннан жасалған киоск (дүңгіршек) түріндегі трансформаторлық қосалқы станциясының салмағынан кемінде 3 есе артық болуы керек.
  • Бетоннан жасалған киоск (дүңгіршек) түріндегі трансформаторлық қосалқы станция орнатылған және бұрандамен бекітілген 4 дана  көтеріледі.
  • Техникалық құрылғы (айлабұйым, құрал) қолданылмаса, жүк көтергіш арқандардың ұзындығы 8 метр, ал осы арқандардың жүк көтергіштігі кем дегенде 10 тонна болуы керек.
  • Жүк көтергіш арқандардың көтеру кезінде көтергіш сұққыштарға бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
  • Киоск (дүңгіршек) түріндегі трансформаторлық қосалқы станцияны өте сақ көтеріп, қауіпсіз түрде алдын ала дайындалған негізге қою керек.

 

Бетоннан жасалған киоск (дүңгіршек) түріндегі трансформаторлық қосалқы станцияның шатырын көтеруге арналған нұсқаулық:

  • Ұзындығы 4 (төрт) метр 4 (төрт) жекелеген арқандар (кемінде 3 тонналық ілмекпен) шатырдағы шығыршықтарға бекітілуі тиіс.
  • Шатырды тегіс жерге қауіпсіз түрде түсіру керек.
  • Шатырдағы алынбайтын көтергіш ілгектерді балға сияқты құралмен ұрмаңыз.