ЭЛЕГАЗДЫҚ (SF6) АЖЫРАТҚЫШ-АЙЫРҒЫШ BNA
12-24-36 кВ. / 630-1250А
Ажыратқыш-айырғыштың негізгі байланыстары 1,5 бар элегазбен (SF6) толтырылған, эпоксидті шайырдан жасалған ажыратқыш корпусында болады, газды өткізбеуі және өмір бойы қызмет көрсету мерзімі кепілдендірілген. .
Ажыратқыш-айырғыштың негізгі тізбегінің байланыстары екі күйдің бірінде тұруы мүмкін: «қосулы (тұйықталған)»/ «сөндірулі (ашық/ажыратулы)». .
Жерге тұйықтау желісінің ажыратқыш-айырғышы эпоксидті корпустың сыртында орналасқан және пайдаланушы оның күйін тікелей және қауіпсіз түрде бақылай алады. Қауіпсіз жұмыс үшін жерге тұйықтаудың ажыратқышы-айырғышы мен негізгі тізбек байланыстары арасында механикалық бұғаттау бар.
Газбен толтырылған полюстік эпоксидті корпустардың жарылу қауіпсіздігі төменгі қақпақтағы қорғаныс мембранасымен қамтамасыз етіледі..
Негізгі тізбектің және жерге тұйықтаудың ажыратқыш-айырғышының байланыстарының қалпын көрсететін қосалқы байланыстардың нұсқалары қол жетімді.
Механикалық құлып (бұғаттау) жүйесінің опциялары болуы мүмкін.
Элегаздық ажыратқыш-айырғыш (Sf6) қажет болған жағдайда, апаттық сигналдардың екі байланысымен VB640 типті температуралық өтеумен саңылаусыз жабылған сандық қысым қадағасымен жабдықталуы мүмкін.