ЭЛЕГАЗДЫҚ (SF6) ЖҮКТЕМЕНІ АЖЫРАТҚЫШ-АЙЫРҒЫШ BNA
12-24-36 кВ. / 630А
Ажыратқыш-айырғыштың негізгі байланыстары 1,5 бар элегазбен (SF6) толтырылған, эпоксидті шайырдан жасалған ажыратқыш корпусында болады, газды өткізбеуі және өмір бойы қызмет көрсету мерзімі кепілдендірілген. Ажыратқыш-айырғыштың негізгі тізбегінің байланыстары екі күйдің бірінде тұруы мүмкін: «қосулы (тұйықталған)»/ «сөндірулі (ашық)». Жерге тұйықтау желісінің ажыратқыш-айырғышы эпоксидті корпустың сыртында орналасқан және пайдаланушы оның күйін тікелей және қауіпсіз түрде бақылай алады. Қауіпсіз жұмыс үшін жерге тұйықтаудың ажыратқышы-айырғышы мен негізгі тізбек байланыстары арасында механикалық бұғаттау бар. Газбен толтырылған полюстік эпоксидті корпустардың жарылу қауіпсіздігі төменгі қақпақтағы қорғаныс мембранасымен қамтамасыз етіледі. Негізгі тізбектің және жерге тұйықтаудың ажыратқыш-айырғышының байланыстарының қалпын көрсететін қосалқы байланыстардың нұсқалары қол жетімді. Механикалық құлып (бұғаттау) жүйесінің опциялары болуы мүмкін. Газбен толтырылған полюстік эпоксидті корпустардың жарылу қауіпсіздігі төменгі қақпақтағы қорғаныс мембранасымен қамтамасыз етіледі. Негізгі тізбектің және жерге тұйықтаудың ажыратқыш-айырғышының байланыстарының қалпын көрсететін қосалқы байланыстардың нұсқалары қол жетімді. Механикалық құлып (бұғаттау) жүйесінің опциялары болуы мүмкін. Қорғану мақсатында қажет болғанда, балқығыш сақтандырғышпен апаттық сөндіру жүйесі орнатылуы мүмкін. Бұғаттау механизмі болуы мүмкін.Элегаздық ажыратқыш-айырғыш (Sf6) қажет болған жағдайда, апаттық сигналдардың екі байланысымен VB640 типті температуралық өтеумен саңылаусыз жабылған сандық қысым қадағасымен жабдықталуы мүмкін.