МВК 7550 ШАҒЫН ТРАНСФОРМАТОРЛЫҚ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯ
Жоғары және төмен кернеулі нысандармен құрылғылар үшін арналған МВК сериялы құрама моноблоктық бетондық трансформаторлық және тарату қосалқы станциялары халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес өндіріледі.
Қолдану аймағы
Өнеркәсіптік және коммерциялық нысандармен электр энергиясын өндіру, түрлендіру, беру және тарату нысандарында (гибридтік энергия станциясында, жаңартылатын энергия көздерінде) төмендегі қосалқы станциялар мен құрылғылардың корпусы ретінде қолданылады:
- Жоғары және төменгі кернеулі трансформаторлық қосалқы станция
- Жоғары кернеулі тарату қосалқы станциясы
- Төмен кернеулі басқару панелінің ұяшығы
- Генератор ұяшығы
Артықшылықтары:
Типтік сынақтармен расталған ішкі доғасының кедергісі және қорғаныс сыныптамасымен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қауіпсіздігі.
Стандарттардың талаптарына сәйкес келетін зауыттық ортада монтаждалған және сыналған жабдық және жерге тұйықтаудың ішкі жүйесімен жабдықталған.
Жоғары сапалы және стандарттардың талаптарына сәйкес келетін электрлік жабдықты қолдану.
Ауа райы жағдайларына төзімді берік қорғаныспен ұзақ жылдық пайдалануға арналған берік корпус.
Орнату орнына (алаңға) қойылатын минималды талап пен қарапайым орнату, пайдалануға оңай, әрі тез енгізу.
Айналаға қарай бағытталған бет түсінің және қорғаныстық жабынның шексіз түрленімін таңдау мүмкіндігімен портативтілік.
Ішкі жерге тұйықталу және жарықтандыру жүйесі
Темірбетон корпустың (корпус қаңқасы) болат арматурасы, есікті және электрлік жабдықты жерге тұйықтау клеммалары (шықпалар) және жерге тұйықталуы тиіс барлық қалған металл бөлшектер техникалық стандарттар мен сипаттамаларда (техникалық сипаттамаларда) көрсетілген өткізгіштерді (сымдарды, кабельдерді) қолданумен, әлеуеттерді теңестірудің (мыстан) жинақ шинасына келтіріледі.
Номиналды мәні | |||
Жұмыс кернеуі (максималды) | 36 кВ | ||
Трансформатор қуаттылығы (максималды) | 1600 кВА | ||
Оқшаулану деңгейі | 70 / 170 кВ | ||
Қысқа тұйықталуға кедергісі (жоғары/төмен кернеу) | 16 кА/ 38 кА | ||
Ішкі доға класы | AB | ||
Жиілік | 50 / 60 Гц. | ||
Қорғаныс класы | IP23D | ||
Корпус класы | 10 | ||
Бетон класы | C35 / 45 | ||
Теңіз деңгейінен жоғары биіктігі | 2000 м | ||
Қоршаған ортаның температурасы | -25...+50 ° C | ||
Қоршаған ортаның ластануы | Деңгей 3 | ||
Максималды күн радиациясы | 1000 Вт/кв.м | ||
Салыстырмалы ылғалдылық (Максималды пайыз %) | 95 | ||
Сейсмикалық үдеу (Y/D) | 0.5г. / 0.4г. | ||
Жүйені жерге тұйықтау | Тікелей жерге тұйықталған немесе резистор арқылы жерге тұйықталған |
Өнім түрі | Биіктік (мм) | Ені (мм) | Ұзындық (мм) | Салмағы (тонна) | |||
MBK 7500 | A (СЫРТҚЫ) | B (ІШКІ) | СЫРТҚЫ | ІШКІ | СЫРТҚЫ | ІШКІ | БОС |
7500 | 7300 | 2500 | 2300 | 3550 | 3340 | 25 |